US Open қарсаңында қазақстандық теннисшілердің рейтингі анықталды

US Open қарсаңында қазақстандық теннисшілердің рейтингі анықталды

Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (АТР) АҚШ ашық біріншілігінің алдында спортшылардың рейтингін жаңартты, деп хабарлайды No-comment.kz - Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик АТР рейтингінде 27-орынды сақтап қалды. 

Александр Шевченко бір сатыға төмендеп, 61-орыннан көрінді. 

Михаил Кукушкин 117, Дмитрий Попко 181-сатыда. Ал турнирдің негізгі айналымына жолдама алған Тимофей Скатов бір сатыға көтеріліп, 188-орынға жоғарылады. 

Айта кетелік, АҚШ ашық біріншілігі 26 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында өтеді. 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі трансформациялануда. Осы жұмыстың негізгі құралдарының бірі - ҚР...