Қазақстанда 2,7 млн тоннаға жуық астық бастырылды

Қазақстанда 2,7 млн тоннаға жуық астық бастырылды

Еліміздің барлық өңірлерінде егін жинау жұмыстары жүргізілуде. Жаппай егін жинау науқаны шамамен тамыздың үшінші онкүндігінде басталады. 26 тамызда 1,5 млн гектарда дәнді және бұршақты дақылдар жиналып, орташа өнімділігі 17,9 ц/га болатын 2,7 млн тоннаға жуық дәнді дақылдар бастырылды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

Көкөніс дақылдары 52,7 мың гектардан жиналып, өнімділігі 250,6 ц/га құрап, 1,3 млн тоннадан асты. Бақша дақылдары - 81,6 мың га алқаптан жиналып, өнімділігі 250,4 ц/га құрап, жалпы алым 2 млн тоннадан асты.

Егін жинау науқанына 149,9 мың трактор, 37,6 мың астық жинайтын комбайн, 14,9 мың орақ және 195 мың бірлік басқа техника жұмылдырылған.

Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жеңілдетілген қаржыландыру көлемі 580 млрд.теңгені құрады, бұл өткен жылдармен салыстырғанда 3 есе көп.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2025 жылдың 4 шілдесінде Республикалық адвокаттар алқасының алаңында ҚР Әділет вице-министрі Ботагөз Жакселекова, Тіркеу қызметі және заң көмегін...

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Арнайы операциялар күштерінің әскери қызметшілері Түркияда өткен «Анадолу-2025» халықаралық оқу-жаттығуына...

2025 жылғы 4 шілдеде Қытайда Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) елдерінің кинофестивалі аясында кинонарықтың салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды ...