Олжас Бектенов пен ОПЕК бас хатшысы Хайтам Әл-Гайс мұнай саласындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады

Олжас Бектенов пен ОПЕК бас хатшысы Хайтам Әл-Гайс мұнай саласындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады

Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов пен ОПЕК (The Organization of the Petroleum Exporting Countries) бас хатшысы Хайтам Әл-Гайс әлемдік мұнай нарығындағы ағымдағы ахуал мен ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады, деп хабарлайды No-comment.kz - Премьер-Министрінің ресми ақпарат ресурсына сілтеме жасап.

Үкімет басшысы ОПЕК-тің әлемдік мұнай нарығының тұрақтылығын қамтамасыз етудегі маңызды рөлін атап өтті. ОПЕК+ шеңберіндегі мұнай өндірушілер мен экспорттаушылардың келісілген әрекеттері орын алуы ықтимал жағымсыз салдарды азайтуға және нарықтағы жағдайды тұрақтандыруға көмектеседі.

«Қазақстан ОПЕК+ шеңберінде өзара байланыстарды одан әрі тереңдетуге ниетті. Біз әрдайым ұйымның бастамаларын қолдап, басқа елдермен қатар ағымдағы ерікті міндеттемелер бойынша шектеулерді де қабылдап отырмыз», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Хайтам Әл-Гайс Қазақстанның әлемдік мұнай нарығындағы маңызды рөлін, елімізде қабылданып жатқан шаралардың мұнай нарығындағы теңгерімді қамтамасыз етуге әсерін атап өтті. 

Кездесу қорытындысы бойынша Олжас Бектенов пен Хайтам Әл-Гайс өзара табысты әрі нәтижелі іс-қимылды жалғастыру ниетін растады. 

Анықтама: Қазақстан 2016 жылдан бері ОПЕК+ келісімінің қатысушысы болып саналады. Елімізде 90-нан астам жер қойнауын пайдаланушы мұнай өндірумен айналысады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында маңызды мәселелердің бірі инфрақұрылымды ретке келтіру болатын. Бүгінде Түркістан...