Қазақстандықтардың 37 мамандық бойынша біліктілігін растау мүмкіндігі пайда болды

Қазақстандықтардың 37 мамандық бойынша біліктілігін растау мүмкіндігі пайда болды

Бүгінгі күнде Қазақстанда 37 кәсіп бойынша дағдыларды растай алатын 3 кәсіптік біліктілікті тану орталығы аккредиттелген. Кәсіптік біліктілікті тану рәсімі әрбір азамат үшін еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жаңа мансаптық перспективаларды ашу үшін өзінің білімі мен дағдыларын ресми түрде растауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Біліктілікті тану кәсіптік стандарттар негізінде жүзеге асырылады және үміткердің белгілі бір кәсіптің талаптарына сәйкестігін бағалайды.

Барлығы өз дағдыларын растауға болатын кәсіптер тізіліміне экономиканың түрлі салаларынан 500-ден астам кәсіп кіреді. Бұл тізімге келешекте еңбек нарығының заманауи талаптарына сәйкес келетін жаңа мамандықтарды енгізу жоспарлануда.

Қазіргі жұмыс істеп тұрған үш кәсіптік тану орталығы туризм және қонақжайлылық (17 кәсіп) пен ақпараттық технологиялар (20 кәсіп) салаларына маманданған. Азаматтарға ыңғайлы болу үшін барлық қажетті рәсімдерді Career Enbek цифрлық платформасында онлайн өтуге болады.

Аккредиттелген ұйымдар желісін кеңейту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Осылайша, аккредиттеуге тиісті дайындық рәсімдерін кәсіптік біліктілікті танудың тағы 20 әлеуетті орталығы жүргізеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2025 жылдың 4 шілдесінде Республикалық адвокаттар алқасының алаңында ҚР Әділет вице-министрі Ботагөз Жакселекова, Тіркеу қызметі және заң көмегін...

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Арнайы операциялар күштерінің әскери қызметшілері Түркияда өткен «Анадолу-2025» халықаралық оқу-жаттығуына...

2025 жылғы 4 шілдеде Қытайда Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) елдерінің кинофестивалі аясында кинонарықтың салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды ...