Қостанай облысында креативті индустрияны дамыту мәселесі талқыланды

Қостанай облысында креативті индустрияны дамыту мәселесі талқыланды

ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов Қостанай облысының мәдениет және өнер қайраткерлерімен кездесіп, сала өкілдерімен мемлекеттік қолдау шараларын талқылады. Оның ішінде креативті индустрияны дамыту мәселесіне басымдық берілді, деп хабарлайды No-comment.kz - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінде Қазақстанда төрт негізгі бағыт бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Атап айтқанда, салықтық ынталандыру және субсидиялау, саланы цифрландыру, арнайы қор құру және инфрақұрылымды дамыту.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес креативті индустрияның дамуына арналған инфрақұрылым құру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Нақтырақ айтқанда, барлық өңірдегі таланттардың басын қосатын креативті хабтар ашу жоспарда бар. Бұдан басқа, хабтар білім беру мен өндірістік креативті инфрақұрылымның орталығы болмақ. Аталған хаб мектеп оқушылары үшін қосымша білім беру орталықтары, орта арнаулы және жоғары оқу орындарымен бір деңгейде», - деп атап өтті Евгений Кочетов.

Қостанай қаласында хаб жобасы әзірленіп жатыр. Екі мың шаршы метр аумақта қолөнершілерге арналған шеберханалар, ақпараттық көрме павильоны, қолданбалы және бейнелеу өнеріне арналған витражды бөлме, LED экраны бар сахна жасау жоспарланып отыр.

Қазіргі кезде Қостанай облысында 42 креативті индустрия субъектісі жұмыс істейді. Декоративті-қолданбалы өнер, этно-фэшн және театрлық өнер бағыттарына басымдылық берілуде.

Облыста мастер-класстар мен шығармашылық көрмелер үнемі өткізіліп тұрады. Тарихи-өлкетану музейінің аумағында екінші жыл қатарынан жергілікті қолданбалы өнер шеберлерінің күнделікті жұмыстарын көрмеге қоятын жәрмеңке алаңы бар. Тамыз айында халықаралық «ETHNO FASHION WEEK-2024» сән апталығы өтті.

2023 жылы «ART-Bazar» жобасы басталды. Онда өңірдегі этно-сән алаңын дамытуға бағытталған көркем өнер мен қолдан жасалған бұйымдардың жәрмеңкесі өтті.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы бойынша Бұқар жырау ауданында жеті ФАП, төрт дәрігерлік амбулатория және төрт медициналық пункт...