Қанат Бозымбаев Ақмола облысындағы 99 үйдің құрылысын жеделдетуді тапсырды

Қанат Бозымбаев Ақмола облысындағы 99 үйдің құрылысын жеделдетуді тапсырды

Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев жұмыс сапарымен Ақмола облысында болып, Бұланды ауданының Журавлевка, Иванковка және Вознесенка ауылдарында үйлердің құрылыс барысымен танысты. Журавлевка ауылында 42 үй, Иванковка ауылында 41 пәтерге арналған бір қабатты үйлер және Вознесенка ауылында 16 үй салынып жатыр, деп хабарлайды No-comment.kz - Премьер-Министрінің ресми ақпарат ресурсына сілтеме жасап.

Әрбір жеке үйге 10 сотық жер телімі қоса беріледі. Барлық жаңа үйге қажетті коммуникациялар өткізілген. Қазіргі уақытта іргелес аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тұрғын үйлер «Қазақстан халқына» қорының қаражаты есебінен салынуда.

Қанат Бозымбаев әкімдікке қалған 99 үйдің құрылысын жеделдетуді және қосымша жұмыс күшін тартуды тапсырды.

Сонымен қатар вице-премьер қысқа мерзімде орталықтандырылған сумен жабдықтау және жаңа үйлерге арналған электр қуатының жеткіліксіздігі мәселелерін шешуді тапсырды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Астанада Денсаулық сақтау министрінің төрағалығымен ведомство алқасының кезекті отырысы өтті, онда ағымдағы жылдың 9 айында саланың негізгі...