Атырауда креаторлардың халықаралық жастар форумы өтті

Атырауда креаторлардың халықаралық жастар форумы өтті

Атырауда ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі қолдауымен «Saraіshyq upgrade - 2024» халықаралық жастар форумы өтті. Оған Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан мен еліміздің бірқатар облыстарынан 300-ден астам жас креаторлар қатысты, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Биыл форум екінші мәрте өткізілді. Негізгі мақсаты – креативті индустрияны қолдау және ұлттық брендті ілгерілету, сондай-ақ халықаралық деңгейде инновациялық идеялар алмасу.

Екі күндік форумда «Кинемотография», «Музыка», «IT және жасанды интеллект», «Маркетинг», «Театр» мен «Хореография» сында алты бағыт бойынша республикалық деңгейдегі белгілі спикерлер семинар өткізіп, тәжірибесімен бөлісті. 

Жас креаторлар алған білімдері мен дағдыларын форум барысында жүзеге асыруға мүмкіндік алды. Ұйымдастырушылар жариялаған челлендж шарты бойынша қатысушылар өз қызметтері мен тауарларын монетизациялады.

Мәселен, Ақтөбе облысынан келген Нұрсұлтан Қалдыбай өзі жасаған сағатын 185 мың теңгеге сатты. Атыраулық кәсіпкер Сұлубике Кәрімова өзінің авторлық курсын жүзеге асырып, бір сағатта миллион теңгеден астам табыс тапты.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Eco Expo Central Asia 2025 халықаралық көрмесі Орталық Азия елдерінен мемлекеттік органдардың, бизнестің, ғылымның және үкіметтік емес ұйымдардың...

Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ермек Көшербаев әкімдіктер, орталық мемлекеттік органдар, салалық...

2025 жылғы 20 маусым күні облыстық мәслихаттың кәсіпкерлікті, құрылыс, инфрақұрылымды дамыту, жер қатынастары және табиғат пайдалану мәселелері...

«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында Түркістан облысында колледж түлектеріне арналған «Адал азамат, адал еңбек, адал табыс» атты форум өтті. Іс-шара...