«Жасыл акселерация: GCIP-Kazakhstan тәжірибесі және Орталық Азиядағы орнықты кәсіпкерлік перспективалары» деп аталатын панельді сессиясы

«Жасыл акселерация: GCIP-Kazakhstan тәжірибесі және Орталық Азиядағы орнықты кәсіпкерлік перспективалары» деп аталатын панельді сессиясы

Eco Expo Central Asia 2025 халықаралық көрмесі Орталық Азия елдерінен мемлекеттік органдардың, бизнестің, ғылымның және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін біріктірді, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

Көрме ресми ашылған күні «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ «Жасыл акселерация: GCIP-Kazakhstan тәжірибесі және Орталық Азиядағы орнықты кәсіпкерлік перспективалары» деп аталатын панельдік сессия өткізді. Басты тақырып - Қазақстанда ЮНИДО мен Жаһандық экологиялық қор (ЖЭҚ) серіктесе отырып іске асырып жатқан халықаралық Global Cleantech Innovation Programme (GCIP) бағдарламасы болды. Ол таза технологиялар, қайта өңдеу, энергия тиімділігі және ЖЭК салаларындағы стартаптарды қолдауға бағытталған.

Панельді сессияда сөз алған Е.Нысанбаев «GCIP-Kazakhstan екі жыл ішінде біз жасыл стартаптар тарапынан жоғары қызығушылықты көрдік: 200-ден астам өтінім берілді, оның 40-тан астамы акселерация бағдарламасынан өтті. Қатысушылар халықаралық тәлімгерлік қолдауға, білім беру тректеріне, инвестициялық сүйемелдеуге және трансшекаралық ынтымақтастық мүмкіндіктеріне қол жеткізді. Бұл нәтижелер Gcip-тің тұрақты кәсіпкерлікті дамытудың және Қазақстан мен өңірде экологиялық таза технологияларды енгізудің тиімді құралы ретіндегі әлеуетін растайды» - деп, атап өтті.

Сессия барысында:

- FACEPLATE жобасы – өнеркәсіптік экологиядағы цифрлық шешімдер;

- Murat Beton Technology жобасы – жасыл құрылыс материалдары;

- өңірлік стартап-экожүйені құру тетіктерін талқылау ұсынылды.

Сессия мемлекеттік органдар, жеке сектор, инвесторлар мен инновацияларды әзірлеушілер арасында «жасыл» бизнестің өсуі үшін трансшекаралық жағдайлар жасау бойынша диалог алаңына айналды.

Қазақстанның Eco Expo Central Asia 2025 көрмесіне қатысуы оның өңірде технологиялық жаңғыртуға, орнықты дамуға және экономикалық өсім тәсілдерін трансформациялауға бағытталған ұзақ мерзімді және прагматикалық экологиялық серіктестік құруға ұмтылысын көрсетеді.

Естеріңізге сала кетейік, іс-шара аясында Қазақстан ұлттық көрме павильонын таныстырды. «Жасыл» өсу, айналмалы экономиканы дамыту және экологиялық әсерді төмендету саласындағы ұлттық стратегияларды іске асыруда Қазақстанның нақты қадамдарын көрсетуге басты назар аударылды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан-ОА-дағы балаларға туғаннан бастап кардиохирургия қолжетімді болатын жалғыз ел. 2024 жылы дәрігерлер ашық жүрекке 1700-ден астам операция,...

Қазақстанның ішкі нарығында астыққа қатысты тұрақты жағдай сақталып отыр. Қолда бар көлем ұн тарту, мал және құс шаруашылығы сияқты негізгі...