ОРК Төрағасы ТМД байқаушылар Миссиясы Штабының басшысымен кездесті

ОРК Төрағасы ТМД байқаушылар Миссиясы Штабының басшысымен кездесті

2024 жылғы 16 қыркүйекте ҚР Орталық референдум комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіров ТМД байқаушылар Миссиясы Штабының басшысы Олег Кулебаны қабылдады, деп хабарлайды No-comment.kz - Қазақстан Республикасының Орталық Сайлау комиссиясына сілтеме жасап.

Олег Кулеба республикалық референдумды байқау бойынша ТМД-дан байқаушылар Миссиясы Штабының ашылуы мен жұмысының басталуы туралы хабарлады. Ол Қазақстан өңірлеріндегі референдум учаскелерінде халықаралық байқауды жүзеге асыратын Достастық елдерінен 50-ге жуық байқаушыны тарту жоспарланып отырғанын атап өтті.

Кездесу барысында Нұрлан Әбдіров пен Олег Кулеба 2024 жылғы 6 қазанға тағайындалған республикалық референдумға халықаралық байқауды ұйымдастыру мәселелері бойынша пікір алмасты.

ОРК басшысы ТМД-дан байқаушылар Миссиясы мен ҚР Орталық референдум комиссиясы арасында тығыз ынтымақтастық орнатылғанын атады.

Сондай-ақ Нұрлан Әбдіров халықаралық байқаушылар қызметі үшін барлық қажетті жағдайлар жасалатынын айтты.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Астанада Денсаулық сақтау министрінің төрағалығымен ведомство алқасының кезекті отырысы өтті, онда ағымдағы жылдың 9 айында саланың негізгі...