40 мыңнан астам ауыл баласы жаңа жағдайда білім алады

40 мыңнан астам ауыл баласы жаңа жағдайда білім алады

Елімізде «Ауылдық аймақтардағы тірек мектептердің әлеуетін арттыру» жобасы іске асып келеді. Жоба ауыл мен қала мектептері арасындағы білім беру сапасындағы алшақтықты азайтуға және педагогтердің кәсіби дамуына тең мүмкіндіктер қалыптастыруға бағытталған, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Биыл жобаға 40 мыңнан астам оқушы білім алатын 56 ауыл мектебі қосылды. Әрқайсысы заманауи лабораториялармен, робототехника, STEM-лаборатория, физика, химия кабинеттерімен толықтай жабдықталуда. Акт залы мен спорт залындағы жиһаз бен спорт құралдары, асхана мен мұғалімдер бөлмесі жаңартылуда. Жалпы жоба аясында 1848 кабинет жаңартылады.

Мектептегі ұстаздар мен директорлар біліктілікті арттыру курстарынан өтеді. Атап айтсақ, бұл курстар пәндік және объективті бағалау, цифрлық сауаттылық пен тәрбие жұмыстары бағыттарын қамтиды. Бұдан бөлек, мектептер 3 жыл көлемінде методикалық қолдауға ие болады. Осы уақытта ауыл мектебі аймақтағы зияткерлік мектептермен тұрақты байланыс орнатып, оқыту процестерін жетілдіре алады.

Тірек мектептерді дамыту жобасы 2022 жылы Оқу-ағарту министрлігі, «Қазақстан халқына» қоры, Назарбаев зияткерлік мектептері мен Білім беру саласын тұрақты дамыту қорымен бірлесіп іске асып келеді. Қазіргі таңда елімізде 135 мектеп тірек мектептер желісіне қосылған.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Астанада Денсаулық сақтау министрінің төрағалығымен ведомство алқасының кезекті отырысы өтті, онда ағымдағы жылдың 9 айында саланың негізгі...