Талпыныс тәжірибесі

Талпыныс тәжірибесі

Әлем елдері атом энергетикасына бет бұрып жатыр. Көрші Өзбекстан да бір шешімге келіп, ресейлік технологиямен атом электр стансасын салатын болды. Себебі қажетті энергиясының 80 пайыздан астамын газдан өндіріп отырған көрші ел газ тапшылығына ұрынған соң, ең сенімді әрі қауіпсіз энергия көзі ретінде АЭС-ті таңдады, деп хабарлайды No-comment.kz - Egemen.kz сайтына сілтеме жасап.

Осыдан екі жыл бұрын көгілдір отынның түбі көріне бастаған Өзбекстан қазір Ресейден газ импорттап, оны жағып, энергияға айналдырып отыр. Баға болжаусыз қымбаттай беретін секілді. Өзінде әжептәуір уран қоры бар ел АЭС салып қамданбаса, алдағы 25 жылда энергияға деген қажеттілігі 2 есе артатын көрінеді. Олар сол мұқтаждықты болдырмау үшін атом энергиясын игеруге кіріспек.

Жақында Ереванда өткен дүниежүзілік армяндар саммиті барысында Армения Премьер-министрі Никол Пашинян да атом электр стансасы бойынша стратегиялық шешім қабыл­данғанын жариялады. Оның айтуынша, жаңа АЭС құрылысы елдің энергетика саласындағы маңызды жобалардың бірі болады.

Армения билігі модульдік станса салуды қарастырып отыр. Қазір әлемде жұмыс істеп тұрған модульдік атом электр стансасы жоқ. Дегенмен аяқталудың әртүрлі кезеңінде тұрған бірнеше жоба бар. Бұл салада АҚШ үлкен жетістіктерге ие. Сондай-ақ бұл бағыттағы жұмыстарды Франция, ал соңғы уақытта Ресей мен Оң­түстік Корея да ілгерілете бас­тады.

Биыл 1 тамызда Армения Үкіметінің шешімімен жаңа атом электр стансасының құрылысы үшін жеке кәсіпорын құрылды. Жобаның негіздемесін дайындап, ел Үкіметінің мақұл­дауын алған компания ха­лықаралық серіктестермен келіс­сөз жүргізіп, жаңа АЭС құры­лысын дайындау және қаржы­ландыруға қатысты ұйымдас­тырушылық мәселелерді шешуі керек.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Биылғы 10 айдың қорытындысы бойынша Павлодар облысы барлық негізгі макрокөрсеткіш бойынша оң динамиканы көрсетуде. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2,8...

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының Жолдауында қойылған міндеттерді іске асыру шеңберінде білім беру, денсаулық сақтау, салықтық және кедендік...