«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында оқу жылының әр айы «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» жалпыұлттық құндылықтарға негізделген тақырыптық бағыттарға арналады, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
Қыркүйек айы еңбекқорлық пен кәсібилік айлығы деп жарияланды. Еңбек күніне орай білім беру ұйымдарында өткен челлендж мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіби білім беру саласындағы 3 миллионнан астам білім алушыны қамтыды.