ҰОК мен Бас прокуратура меморандумға қол қойды

ҰОК мен Бас прокуратура меморандумға қол қойды

Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитеті мен ҚР Бас прокуратурасы дене шынықтыру және спорт саласындағы заңдылықты сақтау мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасады, деп хабарлайды No-comment.kz - Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Бас Прокурор Берік Асылов пен Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин қол қойған келісімнің мақсаты – спорт саласында заңдылықтың нығаюы, бюджет қаражатын жымқыруды болдырмау және басқа да қылмыстарға жол бермеу, салауатты өмір салтын насихаттау, әсіресе жастар арасындағы нашақорлықтың алдын алу.

Бас Прокурор өз сөзінде «Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында уәкілетті органмен бірге кәсіпқой спортта негізгі мәселелерді шешу және осы саладағы заңнаманы жаңарту керек екенін» атап өтті.

Іс-шара нәтижесінде тараптар белсенді ақпараттық өзара  іс-қимылды, бірлескен талдауларды, жобаларды, оның ішінде күштік органдардың қызметкерлері арасында танымал спортшыларды дайындап шығару мақсатында құқық қорғау органдарында спортты кеңінен насихаттау бойынша жұмыстар жүргізу туралы келісімге келді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Астанада Денсаулық сақтау министрінің төрағалығымен ведомство алқасының кезекті отырысы өтті, онда ағымдағы жылдың 9 айында саланың негізгі...