Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздік органдары мен арнаулы қызметтерінің басшыларын қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздік органдары мен арнаулы қызметтерінің басшыларын қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД елдері қауіпсіздік органдары мен арнаулы қызметтері басшылары кеңесінің 55-ші отырысына қатысушылармен кездесті, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы бұл алаңның қауіпсіздік саласындағы күш-жігерді үйлестіру тетігі ретінде танылғанын, сондай-ақ қазіргідей күрделі кезеңде Кеңестің рөлі бұрынғыдан да артып келе жатқанын атап өтті.

Президент шұғыл және сараптамалық ақпаратпен дер кезінде алмасу өңірлік қауіпсіздікке төнетін қауіптер мен сын-қатерлерге қарсы тұру қабілетін арттыра түсуге және елдеріміздің ұлттық мүдделерін қорғау үшін үйлестірілген тәсілдерді дайындауға ықпал ететінін айтты.

Мемлекет басшысы бұл кездесудің қорытындысы халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға септігін тигізіп, Достастық мемлекеттерінің арнаулы қызметтері арасындағы өзара ықпалдастықты одан әрі дамытуға оңтайлы жағдай жасайтынына сенім білдірді.

Жиынға Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан елдерінің, сондай-ақ ТМД терроризмге қарсы орталығы мен Атқарушы комитеті делегацияларының басшылары қатысты.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Теміртау қаласының №10 жалпы білім беретін мектебінде балаларға алғашқы стоматологиялық көмек көрсету және профилактика үшін заманауи жабдықтармен...

Кездесу барысында Қазақстанның өңірде тәуелсіз Авиация әкімшілігін құрған алғашқы ел екені атап өтілді. Бұл қадам ұшу қауіпсіздігіне бақылауды...

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында мал шаруашылығы саласындағы ветеринариялық бақылау шаралары, сондай-ақ осы...