Фестивальдегі қойылымдарды Қазақстанның танымал театр сыншылары мен актерлері кіретін қазылар алқасы бағалайды

Фестивальдегі қойылымдарды Қазақстанның танымал театр сыншылары мен актерлері кіретін қазылар алқасы бағалайды

Қазақстан драма театрларының XXX республикалық фестивалiн 2022 жылдан бері Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры ұйымдастырып келеді. Бұған дейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі шараны түрлі қалада атап өткен. Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыка театры директорының м.а. Ербол Хабылбеков ОКҚ алаңында 2022 -жылы Қазақстан драма театрларының  XXVIII  республикалық фестивалi Шолпан Жандарбекованың 100 жылдығына арналса, 2023 - жылы Қазақстан драма театрларының  XXIX  республикалық фестивалi Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығына арналғанын айтып өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Биылғы Қазақстан драма театрларының XXX республикалық фестивалі көрнекті жазушы, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына арналып отыр. Фестивальге аясында көрсетілетін қойылымдарды Қазақстанның танымал театр сыншылар мен танымал актерлер  кіретін қазылар алқасы бағалайтын болады. Қазылар алқасы фестиваль ережесіне сай – 9 номинация бойынша жеңімпаздарды анықтайды».

Айта кетерлігі, жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар табыс етіледі. «Үздік спектакль» аталымы бойынша – 3 млн теңге, «Үздік режиссерлік шешім» – 1,5 млн теңге, «Үздік стенографиялық шешім – 1 млн теңге, «Үздік ер адам рөлі» – 750 мың теңге, «Үздік әйел адам рөлі» – 750 мың теңге, «Екінші пландағы үздік ер адам рөлі – 500 мың теңге, «Екінші пландағы үздік әйел адам рөлі» – 500 мың теңге, ал арнайы Б.Соқпақбаев атындағы сыйлық – 1 млн теңге, ШҚО әкімінің арнайы сыйлығы – 2,5 млн теңге көлемінде қарастырылған. 

Сондай-ақ алдағы уақытта Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры көрермендер қатарындағы балалар санын арттыруға ұмтылмақ. Мекеме төңірегінде балалар театр-студиясын ашу жоспарда бар. 2025-2026-жылдары мұнда балаларды актерлық шеберлікке дайындап, режиссерлық шеберлік, сахна тілі, сахна қозғалысы, вокалдық өнерді үйрету көзделген.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Астанада Денсаулық сақтау министрінің төрағалығымен ведомство алқасының кезекті отырысы өтті, онда ағымдағы жылдың 9 айында саланың негізгі...