Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті

Президенттер қазақ-тәжік қатынастарының қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту перспективасын талқылады, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Әңгімелесу барысында жоғары деңгейде, соның ішінде Қазақстан Президентінің биыл тамыз айында Тәжікстанға жасаған мемлекеттік сапары аясында қол жеткізілген уағдаластықтарды сапалы түрде жүзеге асыру мәселесіне айрықша мән берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонды туған күнімен құттықтап, бауырлас тәжік халқының игілігі үшін атқарып жатқан жауапты мемлекеттік қызметінде жаңа белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді.

Мемлекет басшысы Тәжікстан Президентінің екіжақты байланыстарды нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалайтынын жеткізді.

Тараптар мемлекетаралық ықпалдастықты достық, стратегиялық серіктестік және одақтастық рухында ілгерілетуге ниетті екенін растады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Жамбыл облысының Меркі ауданында KeruenInn заманауи қонақ үй кешені іске қосылды. Жоба Үкіметтің Инвестициялық штабының көмегімен жүзеге асырылған....

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп 2026 жылғы қаңтардан бастап цифрлық шешімдердің негізінде халықтың...

В Шымкенте продолжается реализация республиканской экологической программы «Таза Қазақстан», направленной на формирование экологической культуры и...