ОРК-да халықаралық байқаушылармен кездесулер өтті

ОРК-да халықаралық байқаушылармен кездесулер өтті

5 қазанда Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясында шет мемлекеттердің орталық сайлау органдарының атынан өкілдік ететін аккредиттелген байқаушылармен, оның ішінде орталық сайлау органдарының үш төрағасымен кездесу өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - Қазақстан Республикасының Орталық Сайлау комиссиясына сілтеме жасап.

Күннің бірінші бөлігінде Орталық референдум комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіров Өзбекстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Зайниддин Низамходжаевты және Тәжікстанның Сайлау және референдумдар жөніндегі орталық комиссиясының Төрағасы Бахтиер Худоерзоданы қабылдады, олар Қазақстандағы референдумды халықаралық байқауға қатысады.

ҚР ОРК-ның Өзбекстан ОСК-мен және Тәжікстан СЖРЖОК-мен ынтымақтастығы 2023 және 2024 жылдары қол қойылған Өзара түсіністік туралы меморандумдар шеңберінде жүзеге асырылады.

Кездесулер аясында Зайниддин Низамходжаев а. ж. 27 қазанда өтетін парламенттік сайлауды және жергілікті кенгашилерге депутаттар сайлауын байқау үшін қазақстандық әріптестеріне Өзбекстанға бұрын жіберілген шақыруды растады.

Тәжік әріптестерімен кездесуден кейін Нұрлан Әбдіров Бахтиер Худоерзодаға «Сайлау органдары жүйесінің дамуына қосқан үлесі үшін» ведомстволық медалін табыс етті. Содан кейін Тәжікстан СЖРЖОК Төрағасы БАҚ-қа арналған брифингте сөз сөйледі.

Күннің екінші бөлігінде ҚР ОРК Төрағасы Ресей Федерациясы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Наталья Бударинамен кездесті. Әңгіме барысында сайлауды ұйымдастыру саласында өзара ынтымақтастық және тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды.

Күн жалғасында ҚР ОРК Төрағасы Қырғыз Республикасы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Нұрлан Қойшүкеевпен кездесті. Кездесу барысында тараптар осы саладағы екіжақты байланыстарды нығайтуға өзара қызығушылық білдіре отырып, Өзара түсіністік және электоралдық салада тәжірибе алмасу туралы меморандум шеңберіндегі ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Осыдан кейін Нұрлан Әбдіров ШЫҰ Бас хатшысының орынбасары Олег Копыловпен кездесу өткізіп, Қазақстан өкілдері ШЫҰ Миссиялары құрамында басқа елдердегі сайлауды халықаралық байқауға үнемі қатысып отыратынын атап өтті.

ОРК Төрағасының орынбасары Константин Петров пен ОРК Хатшысы Мұхтар Ерман республикалық референдум кезеңінде аккредиттелген шетелдік БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді.

Кездесулер мен брифингте шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушылары және шетелдік БАҚ өкілдері алдағы 6 қазанда өтетін республикалық референдумға дайындық және оны өткізу барысы, учаскелердің дауыс беру күніне дайындығы туралы егжей-тегжейлі хабардар етілді. ОРК өкілдері кездесулерге қатысушылардың референдумды ұйымдастыру мен өткізуге, оның қорытындысын шығару мерзімі мен тәртібіне қатысты сұрақтарына жауап берді.

ОРК Төрағасы халықаралық байқаушылармен кездесіп, шетелдік байқаушылардың референдумға қатысуы Қазақстан үшін зор маңызға ие екенін атап өтті. Бұл процестің ашықтығы мен айқындығын көрсетіп қана қоймай, еліміздің демократиялық дамуына деген адалдығының маңызды белгісі болып табылады.

Өз кезегінде шетелдік қонақтар референдум қарсаңында Қазақстанда тыныш және мейірімді жағдай байқалатынын атап өтті. Олар науқанды ұйымдастырушылардың жоғары кәсіби деңгейін атап өтіп, референдумды тиімді байқау жүргізуге қажетті жағдайлар жасағаны үшін алғыстарын білдірді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Астанада Денсаулық сақтау министрінің төрағалығымен ведомство алқасының кезекті отырысы өтті, онда ағымдағы жылдың 9 айында саланың негізгі...