Референдум: Түркістан облысында 1 мыңға жуық учаске өз жұмысын бастады

Референдум: Түркістан облысында 1 мыңға жуық учаске өз жұмысын бастады

Түркістан облысында таңғы 07:00-ден бастап 17 аудан-қала бойынша 945 референдум учаскесі өз жұмысын бастады, деп хабарлайды No-comment.kz ақпарат агенттігі.

Бүгінгі таңда облыста 1 млн 180 мыңнан астам дауыс беруші бар. ҚР Орталық референдум комиссиясынан 13 республикалық қоғамдық бірлестік, Түркістан облыстық аумақтық референдум комиссиясынан 32 қоғамдық бірлестік аккредитациядан өткен. Барлық 945 референдум учаскесінде 6 433 байқаушы мен 20 мобильді капитан жұмыс істеуде. Сондай-ақ, 167 ауылдық елді мекенде тұрғындарды тексеру үшін жылжымалы медициналық пункттер жұмыс істеп тұр. Дауыс беруге алғашқы келгендерге арнайы сыйлықтар табыс етіледі.

Дауыс беру - азаматтардың тұрғылықты жері бойынша референдум учаскелерінде өтеді. Учаскелер 07:00-ден 20:00-ге дейін ашық болады. Азаматтар жеке куәлігін не төлқұжатын көрсету арқылы дауыс бере алады. Айта кетейік, бүгін облыс бойынша қоғамдық көліктер тегін қатынайды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Теміртау қаласының №10 жалпы білім беретін мектебінде балаларға алғашқы стоматологиялық көмек көрсету және профилактика үшін заманауи жабдықтармен...

Кездесу барысында Қазақстанның өңірде тәуелсіз Авиация әкімшілігін құрған алғашқы ел екені атап өтілді. Бұл қадам ұшу қауіпсіздігіне бақылауды...

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында мал шаруашылығы саласындағы ветеринариялық бақылау шаралары, сондай-ақ осы...