Елімізде ғылымды қаржыландыру 3,5 есеге өсті

Елімізде ғылымды қаржыландыру 3,5 есеге өсті

Соңғы жылдары Мемлекет басшысы тарапынан ғылым саласына айтарлықтай назар аударылып, қаржыландыру көлемі ұлғайды. Қазір Қазақстанда 25 мыңнан астам ғалым жұмыс істейді. ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ғылым мен технологиялық саясаттың дамуы туралы ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки айтты, деп хабарлайды No-comment.kz - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Оның хабарлауынша, былтыр қабылданған Қазақстан Республикасында жоғары білім мен ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді дамыту, өмір бойы оқыту және ғылымды дамыту сияқты бағыттарға ерекше назар аударылады. Президенттің Жарлығымен Ғылым және технологиялар жөніндегі Ұлттық кеңес құрылды. 

«Ғылымды қаржыландыру 3,5 есе өсті, ал әлемнің жетекші орталықтарында қазіргі уақытта 800-ден астам адам ғылыми тағылымдамадан өтті. Инфраструктуралық дамытудың бірден-бір көрінісі ол – құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету. Қазіргі кезде бұл көрсеткіш бізде 14%-ды құрайды» – деді спикер. 

Сондай-ақ елімізде ғылымды дамытуға және технологиялық саясатты іске асыруға, елдің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін ғылыми жетістіктердің нәтижелерін енгізуге, сондай-ақ ғылыми қызметтің стратегиялық, кәсіптік және әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Заң қабылданды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Сенат Парламентінің клуарында мемлекеттік қарыз көлемі туралы журналистердің сұрағына...