Шымкент: Тазалық жұмыстары жүргізілді

Шымкент: Тазалық жұмыстары жүргізілді

Өткен аптада Шымкент қаласы Қаратау ауданына қарасты «Нұрсәт» шағынауданында және «Сайрам» тұрғын алабының көшелері мен аулаларында, аялдама бекеттерінде қарқынды тазалық жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ауданда тұрмыстық қатты қалдықтарды тазалау жұмыстары күнделікті кестеге сәйкес атқарылады. Мердігер мекеме көпқабатты тұрғын үйлердің ауласындағы қоқыс контейнерлерін күніне 2 рет, жеке тұрғын үйлердің ауласындағы контейнерлерді аптасына 1 рет тазалап отырады.

Сондай-ақ, көшелер мен аялдамаларды жуу жұмыстары күнделікті 2 аусымдық мерзімде жүргізілуде.

Жалпы бүгінгі тазалық жұмыстарына 20 арнайы техника мен 70 қызметкер жұмылдырылды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Сенат Парламентінің клуарында мемлекеттік қарыз көлемі туралы журналистердің сұрағына...