Әйтенов Абай кітапханасының ашылуына қатысты

Әйтенов Абай кітапханасының ашылуына қатысты

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов, Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов қайта жаңғыртудан өткен Абай атындағы қалалық орталық кітапханасының ашылу салтанатына қатысты. Бұл туралы Шымкент қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

19 маусым - қала күніне орай ұйымдастырылған іс-шараға ЮНЕСКО-ның Алматыдағы Кластерлік Бюросының директоры К.Пикат та арнайы келді.

Қала әкімі және мәслихат хатшысы кітапхана аумағындағы оқу аймақтары, кітап және оқырмандар залы, «Music and Art Community Space» залының жаңа жұмыс жүйесімен, кофехана, сондай-ақ, «Абай» муралының жұмыстарымен танысты.

Абай атындағы қалалық орталық кітапханада 2021 жылдың мамыр айында жаңғырту жұмыстары басталған еді. Жөндеу жұмыстары 19 маусым-қала күні мерекесі қарсаңында аяқталып, пайдалануға берілді.

Кітапханаға «Ашық» қосымша жүктемесі арқылы кіруге мүмкіндік бар.

Бүгінде Шымкент қаласында мәдениет нысандарында жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Сенбі, 18 мамыр күні Үкіметте вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеіңесте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының...