Елімізде 130 мың орындық 86 жаңа мектеп ашылды

Елімізде 130 мың орындық 86 жаңа мектеп ашылды

Оқу жылының басынан бері өңірлерде 130 мың оқушыға арналған 86 мектеп іске қосылды. Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 74,8 мың оқушыға арналған 27 мектеп, оның ішінде Астанада 9 мектеп ашылды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Жобада білім беру ортасының функционалдығы мен қауіпсіздігіне ерекше назар аударылған. Бастауыш және жоғары сынып оқушылары үшін бөлек блоктар қарастырылған. Талаптардың қатарында қазіргі заманғы техникалық құралдарды енгізу арқылы қауіпсіздік шараларын арттыру, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін кедергісіз орта құру және мектептерді заманауи пәндік кабинеттермен қамтамасыз ету бар.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2025 жылдың соңына дейін заманауи форматтағы 217 мектепті пайдалануға беру жоспарлануда.

Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры арқылы 18 мектеп ашылды, тағы 41 мектеп республикалық және жергілікті бюджет қаражаты, сондай-ақ инвестициялар есебінен қолданысқа берілді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Түрік және қазақстандық бизнесмендер Ассоциациясының басқарма төрағасы Аббас Шахинмен кездесу...

Түркістан қаласында өз несібесін жерден терген, қажырлы еңбектерімен қоғамның әлеуметтік тұрақтылығының нығаюына қомақты үлес қосып келе жатқан...