Қаланы көғалдандыру

Қаланы көғалдандыру

19 қазан күні «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында және Республикасы күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенат және Мәжіліс депутаттары, ҚР Парламенті Аппараты, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрілігінің қызметкерлері Астана қаласының «Ғашықтар саябағы» аумағында ағаш отырғызу шарасына қатысты, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап.

Қатысушылар Экологиялық мәдениет тұжырымдамасының мақсаттары мен міндеттері, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы, өткізіліп жатқан экологиялық науқандарды атап өтті.

Шара барысында жалпы саны 500 дана ағаш отырғызылды: оның ішінде 150 данадан алма, мойыл, ырғай  ағаштары болса, 50 дана тал отырғызылды. Қошеттер «Жасыл аймақ» РМК-сінің питомнигі тарапынан берілді.

Қатысушылар тарапынан Қазақстанда орман шаруашылығы қызметкерлерінің күні дәстүрлі түрде қазан айының үшінші жексенбісінде атап өтілетіні айтылды. Бұл мереке орман шаруашылығымен айналысатын адамдар еңбегінің маңыздылығын және олардың елдің орман ресурстарын қорғауға және қалпына келтіруге қосқан үлесін атап өтуге арналған.

Ағаш отырғызу жөніндегі экологиялық акциядағы іс-шаралар табиғатты қорғаудың маңыздылығын түсінуге арналған. Елді мекендерді көгалдандыру бойынша бірлескен акциялар жақсы дәстүрге айналуы керек. Бұл сонымен қатар жұртшылықтың назарын ормандарды сақтау мәселелеріне және табиғи ресурстарға жауапкершілікпен қарау қажеттілігіне аударудың тамаша мүмкіндігі.

Біз барлық ниет білдірушілерді ағаш отырғызу акцияларына және экологиялық жағдайды жақсартуға үлес қосуға шақырамыз. Бірге біз өз елімізді таза ете аламыз!

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Сенат Парламентінің клуарында мемлекеттік қарыз көлемі туралы журналистердің сұрағына...