Жамбыл облысында жаңа өрт сөндіру депосы ашылды

Жамбыл облысында жаңа өрт сөндіру депосы ашылды

19 қазан күні Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылында №15 өрт сөндіру депосы жаңа ғимаратының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Бұл депоның құрылысы 2022 жылы басталып, бүгін пайдалануға берілді. Депо екі өрт сөндіру техникасына арналған, ал 20 өрт сөндіруші-құтқарушы тұрғындарды өрттерден және түрлі төтенше жағдайлардан қорғауды қамтамасыз етеді. 

Іс-шараға Төтенше жағдайлар вице-министрі Ерлан Нұрпейісов, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Мәдібек Қанатбек, Қордай ауданының әкімі Бекзат Болатбеков қатысты. Сондай-ақ, азаматтық қорғау ардагерлері, мемлекеттік мекеме басшылары мен ТЖД басшылығы, жеке құрам және басқа да қонақтар шараға қатысты.

Ерлан Нұрпейісов қызметтік міндеттерін адал атқарған бірқатар қызметкерлерге марапаттар мен алғыс хаттар табыс етті.

Одан әрі жаңа өрт сөндіру депосының ресми ашылу шарасы өтті. Вице-министр мен азаматтық қорғау ардагері Александр Малыхин салтанатты түрде лентаны қиып, ғимараттың кілтін Қордай ауданының өрт сөндіру бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Дидар Смағұловқа табыстады. Бұдан соң қонақтар жаңа депо ғимаратын аралап шықты.

Өрт сөндіру депосында техниканы сақтау және қызмет көрсетуге арналған қызметтік бөлмелер, жеке құрамды орналастыруға арналған бөлмелер, өрт туралы хабарламаларды қабылдау бөлмелері және өрт сөндіру қызметіне жүктелген міндеттерді орындауға қажетті басқа да бөлмелер бар.

Салтанатты шара жаңа депоның аумағына ағаш отырғызу рәсіміне ұласты.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

19 қазан күні ҚР Премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова Pearson компаниясының өңірлік директоры Аркадиуш Жаворскиймен кездесті....