Жыл басынан бері мүгедектігі бар 80 мыңға жуық адам санаторийлік-курорттық емдеумен қамтылды

Жыл басынан бері мүгедектігі бар 80 мыңға жуық адам санаторийлік-курорттық емдеумен қамтылды

2024 жылдың басынан бері санаторийлік-курорттық емдеу қызметтерімен мүгедектігі бар 79,7 мың адам немесе мұқтаж адамдардың 63% қамтылды. Оның ішінде 5 мыңнан астамы балалар. Санаторийлік-курорттық емдеу мүгедектігі бар адамдарға оңалту мен абилитацияның жеке бағдарламасына сәйкес беріледі, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

ҚР Әлеуметтік кодексінің 160-бабына сәйкес мүгедектігі бар адамдар мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен санаторийлік-курорттық емделумен тегін қамтамасыз етіледі. 2024 жылы санаторийлік-курорттық емдеу құнын өтеудің кепілдендірілген сомасы күніне 21 617,78 теңгені (14 тәулік – 302 648 теңге) құрады.

Бүгінгі күні Әлеуметтік қызметтер порталында санаторийлік-курорттық емдеу қызметтері көрсету бойынша 125 өнім беруші тіркелген.

МБА мүдделері мен құқықтарын қорғау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қолданыстағы НҚА-ға жергілікті атқарушы органдар жанындағы ӘҚП мәселелері жөніндегі комиссиялардың қызметін реттейтін және техникалық құралдар мен оңалту қызметтерін берушілерге қойылатын талаптарды күшейтетін өзгерістер енгізу туралы ведомство басшысы бұйрығының жобасын әзірледі.

Құжатта Әлеуметтік қызметтер порталында тауарлар мен қызметтерді берушілерді тіркеуге және жіберуге қойылатын талаптар күшейтілді. Санаторийлік-курорттық емдеу қызметтерін берушілер ӘҚП санаторийлік-курорттық ұйымдардағы орындардың жалпы саны бойынша, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдар мен оларды бірге алып жүрушілер үшін берілетін орындардың саны туралы ай сайын жалпы алғнада төсек-орындар санының кемінде 10%-ы көлемінде деректерді енгізуге міндетті.

Сонымен бірге бұйрық жобасында оларға бару арқылы өнім берушілерге мониторинг жүргізу көзделген. Осылайша, ӘҚП арқылы мүгедектігі бар адамдарға көрсетілетін тауарлар мен қызметтердің өнім беруші мәлімдеген сипаттамаларының сәйкестігі тексерілетін болады.

Сондай-ақ, мониторинг техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен немесе ӘҚП арқылы көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз етілген мүгедектігі бар адамдарға бару арқылы жүзеге асырылатын болады.

Бұдан басқа жергілікті атқарушы органдар жанындағы Әлеуметтік қызметтер порталы мәселелері жөніндегі комиссиялардың тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасына мүгедектігі бар адамдардың шағымдарын қарау мерзімі 10 жұмыс күнінен
5 жұмыс күніне дейін қысқартылады.

Жоғарыда көрсетілген талаптар Әлеуметтік қызметтер порталында тауарлар мен қызметтерді берушілер ретінде барлық қажетті талаптарға сәйкес келетін ұйымдарды ғана жіберуді қамтамасыз етеді. Бұл көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға және оларды алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Сенат Парламентінің клуарында мемлекеттік қарыз көлемі туралы журналистердің сұрағына...