Республика күні қарсаңында Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова медицина саласының қызметкерлеріне алғыс айтып, Мемлекет басшысының атынан үздік қызметімен көзге түскен мамандарға мемлекеттік наградалар табыстады, деп хабарлайды No-comment.kz - Премьер-Министрінің ресми ақпарат ресурсына сілтеме жасап.
«Барыс» ордені І дәрежесі
Локшин Вячеслав Нотанович – «PERSONA» халықаралық клиникалық репродуктология орталығының басшысы.
«Парасат» ордені
Әбдіқалиұлы Нұрлан – «Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты» АҚ бөлімінің басшысы;
Сұлтаналиев Тоқан – «Ұлттық ғылыми онкология орталығы» ЖШС көпсалалы хирургия орталығының бас консультанты.
«Құрмет» ордені
Байдурин Серік Амангелдіұлы – «Астана медицина университеті» КЕАҚ кафедра меңгерушісі;
Жұмабаева Алтын Зурашқызы – «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ мейіргер ісі жөніндегі директоры;
Жүсіпов Болатбек Зиябекұлы – «Астана медицина университеті» КЕАҚ профессоры;
Қайдаров Бақыт Қасенұлы – С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің профессоры;
Куренова Гүлнар Байбосынқызы – Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасына қарасты №2 Қалалық перинаталдық орталықтың емдеу ісі жөніндегі директорының міндетін атқарушы;
Оспанова Күлжами Есімханқызы – «Астана медицина университеті» КЕАҚ патологиялық анатомия кафедрасының профессоры.
Салтанатты шара барысында вице-премьер соңғы жылдары Қазақстанның медицина саласында қол жеткізген айтарлықтай жетістіктерге тоқталды.
«Еліміздегі денсаулық сақтау жүйесі қарқынды дамып келеді. Мемлекет басшысының тапсырмасымен ауыл тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға бағытталған Ұлттық жоба жүзеге асуда. Бұл бағдарлама аясында медициналық пункттер мен дәрігерлік амбулаториялар салынып жатыр. Бұл халыққа сапалы медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға септігін тигізбек», — деді Тамара Дүйсенова.
Вице-премьер қазақстандықтарға жоғары технологиялық медициналық қызметтердің қолжетімді бола түскенін атап өтті. Әсіресе, Ұлттық кардиохирургия орталығында жасалатын жүрекке күрделі операциялар ерекше мәнге ие. Осы бірегей оталар мыңдаған науқастың өмірін сақтап, олардың тәжірибесі өңірлерге де кеңінен таралуда.
Тамара Дүйсенова медициналық қызметкерлерді қолдауға ерекше назар аударылғанын атап өтті. Соңғы жылдары дәрігерлердің жалақысын көтеруге, әлеуметтік қолдау көрсетуге және жұмыс жағдайларын жақсартуға елеулі қаражат бөлінді. Биыл алғаш рет «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» атағы тағайындалып, медициналық мамандықтың маңыздылығы ерекше мойындалды.