Қазақстанда жасалған өнеркәсіптік сорғылар, кабельдік өнімдер, тіркемелер мен арматураға сұраныс 6,4% - ға артты

Қазақстанда жасалған өнеркәсіптік сорғылар, кабельдік өнімдер, тіркемелер мен арматураға сұраныс 6,4% - ға артты

Ағымдағы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша өңдеуші өнеркәсіптің елдің ЖІӨ-не қосқан үлесі 12,7%-ды немесе 8,6 трлн теңгені құрады. Сыртқы сауда көрсеткіштері, ағымдағы жылдың 8 айындағы өңделген тауарлардың экспорт-импорты да оң өзгерістерді көрсетеді. ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков атап өткендей, өңдеу өнеркәсібі тауарларының экспорты 6,4%-ға өсіп, 17,8 млрд долларды құрады. Тауарлардың импорты бойынша, керісінше, 7,2%-ға төмендеу байқалады, деп хабарлайды No-comment.kz - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2021 - жылдан бастап өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз ету тетігі іске қосылған. Биыл бұл механизм іс-әрекеттің міндетті сипатына ие болды. Осы тетік есебінен 2023 - жылы елімізде 59 мың тонна алюминий қайта өңделді, 2029 - жылға дейін қайта өңдеу көлемін 163 мың тоннаға дейін ұлғайту жоспарда бар. Былтыр 11 мың тонна мыс өңделді, 2029 - жылға дейін бұл көрсеткішті 91 мың тоннаға дейін ұлғайту жоспарлануда», - деп атап өтті спикер. 

Отандық шикізаттан терезе профильдері, созба сым, кабель-өткізгіш өнімдері, өнеркәсіптік аккумуляторлар өндіріледі, осылайша, шикізатты тереңдетіп өңдеу және ел ішінде қосылған құнды сақтау қамтамасыз етіледі.  

Негізгі бағыттардың бірі өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын тұрақты тапсырыстармен қамтамасыз ету болып табылады. Министрлік елде өндірілмейтін, бірақ әлеуеті бар өнімге ұзақ мерзімді шарттар мен офтейк-келісімдер жасасуға көмектеседі. Бұл кәсіпорындарға өндірістік қызметті ұзақ мерзімге жоспарлауға, жаңғырту жүргізуге, жаңа өнімдер мен қайта өңдеуді игеруге мүмкіндік береді. Биыл ірі субъектілер 703,5 млрд теңге сомасына 592 ұзақ мерзімді шарт және офтейк-келісімшарт жасасты.  

«Қатты пайдалы қазбаларды өндіру бойынша жер қойнауын пайдаланушылар отандық өндірушілермен жалпы сомасы 133,5 млрд теңгеге 285 ұзақ мерзімді шарттар мен офтейк-келісімшарттар жасасты. «Самұрық-Қазына» Қоры қазақстандық кәсіпорындармен 570 млрд теңгеге 307 ұзақ мерзімді шарттар мен офтейк-келісімшарттар жасасты. Жұмыс жалғасуда», – деді ведомство өкілі.  

Өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарын тапсырыстармен қамтамасыз ету мақсатында сатып алынатын тауарлардың тізбесі кеңейтілді. Көрсеткіш 2,2 есеге өсті. Сондай-ақ қазақстандық тауар өндірушілердің бірыңғай тізілімі жасалады, ол тауар өндірушілердің барлық қолданыстағы тізілімін біріктіруге мүмкіндік береді. Негізгі жаңалық - өндіріс қуаттылығы, жұмыс орындарының саны, электр энергиясын тұтыну және басқа да көрсеткіштер бойынша деректер негізінде өндірісті верификациялаудың цифрлық шешімдерін қолдану. Қазіргі уақытта тиісті заңнамалық түзетулер ҚР Парламенті Мәжілісінде қаралуда.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Сенат Парламентінің клуарында мемлекеттік қарыз көлемі туралы журналистердің сұрағына...