26 қазан күні Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының отандық кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларының ашықтығы мен тиімділігін арттыруға қатысты тапсырмаларын орындау мәселесі бойынша жұмыс кеңесін өткізді, деп хабарлайды No-comment.kz - Премьер-Министрінің ресми ақпарат ресурсына сілтеме жасап.
Негізгі міндет – мемлекеттік сатып алулар мен мемлекеттік қолдау шараларына басым қолжетімділігі бар кәсіпкерлік субъектілерін санаттарға бөлі әдіснамасын цифрландыру. Бұл ретте мемлекеттік қолдау алатын кәсіпкерлік субъектілерінің өзара міндеттемелерін қажет. Өнім сапасы, еліміздегі өндірісті локализациялауға және қазақстандық қамту үлесі, сондай-ақ кәсіпорынның өңір мен еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына одан әрі қосқан үлесіне баса назар аударылуда. Цифрлық формат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін және адами фактордың әсерін жоюға мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда Үкімет мемлекеттік қолдау шараларының өнеркәсіп саласын дамытуға әсерін кеңейтілген талдау жүргізіледі. Жаңа ақпараттық платформа кәсіпкерлік белсенділік бойынша деректерді мемлекеттік қолдау шараларын алғанға дейін және одан кейін динамикада көрсетеді.
Платформада отандық кәсіпорындар, олардың жүктемесі, шығарылатын өнімдер, сыртқы сауда қызметі, қызметкерлер саны, сондай-ақ олармен жасалған шарттар, оның ішінде ұзақ мерзімді және офтейк-келісімшарттар туралы деректер бар. Жүйе мемлекеттік органдарға проактивті форматта талдау, мониторинг жүргізуге және бизнеске уақтылы қолдау көрсету үшін басқарушылық шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев 2 мыңнан астам отандық кәсіпорынның деректер жүйесіне жүктелгені туралы баяндады, отандық өнімді әлеуетті сатып алушылар саналатын реттелетін сатып алу субъектілері — компаниялар туралы мәліметтер бар, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылар мен бизнес арасында жасалған ұзақ мерзімді шарттар туралы ақпарат жүктелген.
Smart Data Ukimet ақпараттық-талдау жүйесі негізінде әзірленген Платформа бұрын шашыраңқы ақпараттық жүйелерден алынған деректерді біріктіреді және жүйелейді. Ол қаржы, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрліктерінің, СК-Фармация, «Самұрық-Қазына Келісімшарт» ЖШС, электрондық сатып алулар, квазимемлекеттік сектордың (Mitwork) және жер қойнауын пайдаланушылардың (NadLock) реттелетін сатып алуларының базаларымен толық интеграцияланған. Сонымен қатар «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры мен «Бәйтерек» холдингінің қазақстандық кәсіпорындарға көрсетілетін қолдау шаралары туралы деректері жүктелді. Ақпаратты жаңарту онлайн режимінде жүзеге асырылады.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, денсаулық сақтау, Қаржы министрліктерінің басшылары да платформаны толтыру және практикалық қолдану бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндады.