Шымкенттің бас дәрігері үндеу жолдады

Шымкенттің бас дәрігері үндеу жолдады

Қазақстанда коронавирустың Үнді штаммы анықталды. Көрші Ресей елінде эпидемиялогиялық жағдай күннен-күнге өршуде. Шымкент қаласында да эпидемиялогиялық жағдай тұрақсыз дейді қаланың бас дәрігері. Бұл туралы Шымкент қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Инфекцияға шалдыққан науқастар саны күн санап артуда. Қазір қауіпті инфекцияға жұқтырған 24 науқас ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр. Коронавирус жұқтырғандар арасында өлім жітім көрсеткіш саны артуда» дейді Б.Позилов.

Осы орайда вакцинация инфекциялық жұқпалы аурулардан, соның ішінде COVID-тен қорғанудың ең қауіпсіз әрі тиімді жолы екенін мәлімдейміз. Сондықтан жаппай вакциналау өте маңызды. Бір жылдан аса уақыт болды осы індетпен бірге өмір сүріп келеміз. Мұны бәріміз көріп отырмыз. Қазірде қаладағы барлық емханаларда вакцинациялау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Сондықтан барлықтарыңызды вакцина салдыртуға шақырамыз.

 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Сенат Парламентінің клуарында мемлекеттік қарыз көлемі туралы журналистердің сұрағына...