Цифрландыру, жұртшылықты тарту, ресурстарға ұқыпты қарауға ынталандыру – Қазақстанда экомәдениет қалай қалыптастырылмақ

Цифрландыру, жұртшылықты тарту, ресурстарға ұқыпты қарауға ынталандыру – Қазақстанда экомәдениет қалай қалыптастырылмақ

«Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасындағы «Экологиялық ойлау және мінез-құлық» атты бірінші бағытты іске асыру шеңберінде қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, алып кету және қайта өңдеу үшін инфрақұрылым қалыптастырылады, деп хабарлайды No-comment.kz - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

ОКҚ алаңында экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев 2025-2027 жылдар аралығында қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу бойынша жобалар іске асырылатынын, бұл көму көлемін қысқартуға және қайта өңдеу үлесін арттыруға мүмкіндік беретінін айтты.   

Көшелер мен аулалардың, қоғамдық кеңістіктің және жалпы қоршаған ортаның жай-күйін бақылауды ұйымдастыру кезінде цифрландыру, бұзушыларды анықтауға және әкімшілік шараларды қолданбас бұрын бейнемониторингтік жүйенің мүмкіндіктері пайдаланылады. Бұл ретте азаматтар мен кәсіпорындар тарапынан экологиялық құқық бұзушылықтарды азайту мақсатында тіркеуге арналған камералар саны ұлғайтылмақ.    

«Атмосфералық ауа мониторингінің автоматтандырылған бекеттер желісін кеңейту көзделген. Бұл тұрғындарға онлайн қолжетімділік арқылы ауаның жай-күйі туралы ақпаратты жедел алуға мүмкіндік береді. Ірі елді мекендердің сумен жабдықтау, су бұру жүйелерін цифрландыру және автоматтандыру олардың тиімділігі мен сенімділігін арттырады. Жергілікті атқарушы органдар шығынды дәлірек бақылау және ресурстарды үнемдеуге ынталандыру үшін суды есепке алудың заманауи аспаптарын орнатады», – деп атап өтті спикер.  

Мемлекеттік құрылымдар, бизнес ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер, БАҚ және білім беру мекемелері сияқты түрлі қатысушыларды тарту арқылы ақпаратпен тиімді алмасуға арналған және азаматтар экологиялық бастамаларға белсенді қатысатын платформа әзірленеді. Экологиялық мәдениетті жақсарту үшін экологиялық жауапты мінез-құлықты насихаттайтын инфлюенсерлер мен блогерлер тартылады.   

Велосипедпен жүруге арналған инфрақұрылымды дамыту мен электромобильдерді электр зарядтау станцияларын ашу ауаның ластану деңгейін төмендетуге сеп болады. «Велосипед күні» іс-шарасын ұйымдастыру және экофестивальдер өткізу халықты экологиялық бастамаларға тартуға ықпал етеді. Жұртшылықпен бірлесіп, олардың қоршаған орта үшін маңыздылығын көрсету үшін су айдындарының экожүйелерін сақтауға арналған форумдар өткізу жоспарда бар.   

Халық көп жиналатын орындарда бонус жинауға мүмкіндік беретін қайта өңделген шикізатқа арналған экобокстар мен фандоматтарды орнату қалдықтарға жауапкершілікпен қарауға ынталандырады. Қалалар мен ірі елді мекендерде заманауи суару жүйелері мен су үнемдеу технологияларын енгізе отырып, жасыл желектерді отырғызу жұмыстары белсенді жүргізіледі.

Сондай-ақ вице-министр жасыл екпелердің тұқымдық құрамы мен ормандардың ағымдағы жай-күйі, отырғызу жоспарлары және оларды күту бойынша жүргізілетін жұмыстар туралы деректерді қамтитын бірыңғай ақпараттық жүйені әзірлеу және енгізу көзделгенін атап өтті.   

«Халықты және кәсіпорындарды ресурстарға ұқыпты қарауға ынталандыру үшін бірқатар іс-шара қабылданады. Кәсіпорындар ресурстарды ұтымды пайдалану туралы есептерді (ESG) жариялауға ынталандырылады. «Үлгілі ауыл» және «Таза аула – Таза қала/аудан» конкурстарын қоса алғанда, халықтың экологиялық жауапкершілігін арттыру бойынша байқаулар мен іс - шаралар, сондай-ақ экологиялық бастамалар мен ғылыми зерттеулер жүргізген оқытушылар мен студенттер марапатталады», – деп спикер толығырақ ақпарат берді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Сенат Парламентінің клуарында мемлекеттік қарыз көлемі туралы журналистердің сұрағына...