Әлеуметтік қызметкер деген кім?

Әлеуметтік қызметкер деген кім?

Әлеуметтік қызметкер – тағдырдың жазуымен өзгенің көмегіне мұқтаж жандарды толыққанды өмір сүруіне жүйелі жағдай жасауда қызмет көрсететін, алғыс арқалаған ардақты тұлғалар. Қызмет алушыларға түрлі яғни, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік - медициналық, әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік – құқықтық және т.б. қызмет көрсетеді.

Солардың бірі – Бедил Бедилов, Шымкент қаласы «№1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында» 18 жастан асқан I-IІ топтағы психоневрологиялық аурулары бар мүгедектермен әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманы. Бедил Иззатуллаевичтың бұл салада қызмет еткеніне 6 жылдан асты. Бұл туралы Шымкент қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі жазды.

- Бұл салаға ең алғаш 2014 жылы практикант ретінде келдім. Негізінен әлеуметтік жұмыскерлердің міндеттері әр түрлі және кең ауқымды болады. Біздің мақсатымыз қызмет алушыларды өмірге бейімдеу процесін жүзеге асыру, жеке күтім көрсету және оларды бақылау, қызығушылықтарын арттыру. Сондай-ақ, бұл жұмыс біліктілік пен табандылықты талап етеді, - дейді ол.

Бүгінде «№1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында» 200-ден астам мүмкіндігі шектеулі жандар қызмет алуда. Орталықтың негізгі міндеттері қызмет алушыларға үй жағдайында жақындатылған, жасы мен денсаулық жағдайына едәуір бара-бар тыныс тіршілік жағдайын жасау, арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасы мен тиімділігін арттыру, кемсітушіліктің барлық түрлерінен, физикалық және психикалық зорлықтан, қорлаудан қорғау болып табылады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Сенат Парламентінің клуарында мемлекеттік қарыз көлемі туралы журналистердің сұрағына...