Роман Скляр Polpharma – SANTO компаниясының өкілдерімен кездесті

Роман Скляр Polpharma – SANTO компаниясының өкілдерімен кездесті

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Polpharma Group Бақылау кеңесінің төрағасы Е. Старакпен кездесу өткізді, деп хабарлайды No-comment.kz - Премьер-Министрінің ресми ақпарат ресурсына сілтеме жасап.

Polpharma Group – Қазақстан және Польша нарықтарындағы ірі фармацевтикалық компаниялардың бірі.

Кездесу барысында тараптар қазіргі фармацевтикалық жобаларды іске асыру және компанияның Ғылыми-зерттеу сынақ орталығы мен зертханалық кешенді қамтитын Сапа және инновациялар орталығын ашу ниетін талқылады. Бұл орталықта сапаны бақылау, сынақ және микологиялық зертханалармен бірге жаңа өнімдерді әзірлеу бойынша зерттеулер жүргізілетін жаңа зертханалар орналаспақ.

Кездесу қорытындысы бойынша Роман Скляр Қазақстан Үкіметі Polpharma Group компаниясымен ынтымақтастыққа зор мән беретінін және әрі қарай да серіктестікке дайын екенін жеткізді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Сенат Парламентінің клуарында мемлекеттік қарыз көлемі туралы журналистердің сұрағына...