Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаланың солтүстік бөлігіндегі суаққылардың құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
1-ші аймақ айналма жолынан бастап Асар шағынауданына дейін магистралды су таратқыш салу жұмыстары «Сарыағаш-Аман» ЖШС тарапынан атқарылуда.
Құрылыс жұмыстары 2021 жылдың мамыр айында басталды. Құбырлардың жалпы ұзындығы – 13,754 шақырым. Бүгінгі таңда 1,5 шақырым құбыр жұмыстары аяқталды.
Мердігер мекеме құрылысты биыл қазан айында аяқтап, тапсыруды жоспарлауда.
Сондай-ақ, «Асар-2» шағынауданынан бастап Алматы тас жолының қиылысына дейін магистралды су құбыры жүргізілуде.
Бас мердігер – «Build stroi» мекемесі. Құрылыс 2021 жылдың мамыр айында басталды. Нысанның жалпы ұзындығы – 11,706 шақырым. Бүгінге дейін 1,5 шақырым құрылыс жұмыстары орындалды.
Құрылыс басында жалпы 4 бригада жұмыс істеп жатыр. Құрылысты 2021 жылдың қазан айында аяқтау жоспарда.