Қазақстандық әскерге шақырылушылар 4 млрд теңгеге 15 мың қарыз бойынша кредиттік демалыс алды

Қазақстандық әскерге шақырылушылар 4 млрд теңгеге 15 мың қарыз бойынша кредиттік демалыс алды

Қарулы күштердің цифрлық трансформациясы әскери қызмет өткерудің тартымдылығын арттыру жөніндегі іс-шараларды іске асыруға мүмкіндік берді, олардың бірі мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтарға кредиттік демалыстар беру болып табылады, деп хабарлайды No-comment.kz - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

ОКҚ алаңында ҚР қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев атап өткендей, азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы бұйрық тікелей жүйеде шығарылады және бірден кредиттік бюролардың сервистеріне жіберіледі. Кредиттердің бар-жоғын анықтағаннан кейін екінші деңгейдегі банктер мен микрокредиттік ұйымдар бұл деректерді 14 ай мерзімге кейінге қалдыру үшін алады.  

«Бүгінгі таңда 42 мыңнан астам адам кредиттік демалыспен қамтылды. 10 мыңнан астам әскерге шақырылушыға жалпы сомасы 4 млрд теңгеге 15 мың қарыз берілді», – деді спикер.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысы Қазақстан Америка Құрама Штаттарының бұрыннан келе жатқан сенімді сауда әрі инвестициялық серіктесі ретінде әділ, түсінікті және...

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында Арал теңізінің құрғаған табанында жүргізіліп...