Тамара Дүйсенова Маңғыстау облысының денсаулық сақтау және спорт саласы мамандарымен кездесті

Тамара Дүйсенова Маңғыстау облысының денсаулық сақтау және спорт саласы мамандарымен кездесті

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау шеңберінде денсаулық сақтау жүйесіндегі цифрландыру мәселелері ҚР Премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенованың Маңғыстау облысына сапары кезінде қаралды, деп хабарлайды No-comment.kz - Премьер-Министрінің ресми ақпарат ресурсына сілтеме жасап.

Қазіргі таңда өңірде дәрілік препараттардың қозғалысын таңбалау және бақылау жүйесі енгізілді. Осылайша, халық тұтынатын дәрілік заттардың қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету көзделіп отыр. Жүйемен танысу үшін вице-премьер «Медсервис» ЖШС фармацевтикалық қоймасына барып, таңбаланған дәрілік заттарды қабылдау және шығару процесін көрсетті. Әрі қарай препараттар аймақтың дәріханалары мен медициналық мекемелеріне жіберіледі.

«Ясин» орталығы бақылау тізбегіндегі нысандардың бірі саналады. Сондай-ақ таңбаланған дәрі-дәрмектерді қабылдау үшін қажетті жабдықтар бар. Ақпарат тиімді бақылауды қамтамасыз ете отырып, жалпы мәліметтер базасына енгізіледі.

Жалпы, өңірге таңбаланған дәрі-дәрмектердің 43 атауы жеткізілді.

«Таңбалау арқылы айналымға контрафактілік өнімдердің енуіне тосқауыл қою міндеті тұр. Азаматтар сапалы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілуі тиіс. Дәрігердің рецепті арқылы тегін дәрілік заттар бар. Әзірге олар тек емхана жанындағы дәріханалардан босатылуда. Біз бұл қызметті әлеуметтік әмиян тетігі мен таңбалау жүйесін қолдану арқылы айтарлықтай жеңілдетуге ниеттіміз.   Электронды рецепт бойынша барлық дәріханаларда тегін дәрі алу мүмкіндігі қарастырылуда. Бұл азаматтар үшін өте ыңғайлы болады деп санаймын», — деп атап өтті Тамара Дүйсенова.

Айта кетейікі, облыста әлеуметтік әмиянды пайдалану арқылы 8 мың дәрілік зат босатылды.

Медициналық салаға қатысты мәселелер вице-премьердің Денсаулық сақтау объектілерінің басшыларымен кездесуінде де талқыланды. Премьер-министрдің орынбасары сақтандырылған азаматтар қажетті көмекке қол жеткізуі тиіс екенін атап өтті.

Сонымен қатар өңірге жұмыс сапары барысында Премьер-министрдің орынбасары бұқаралық спортты дамыту мәселелерін көтерді. «Халық арена» спорт кешенінің базасында Үкімет ұсынған шараларды қарау бойынша кеңес ұйымдастырылды. Оған облыстың спорт мектептерінің басшылары, жаттықтырушылар қатысты. Салада көзделген негізгі өзгерістер туралы туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев баяндады. Спорттың басым түрлері, саланы қаржыландыру және цифрландыру жүйесі мәселелері қаралды.

Еркін пікір алмасу форматында өткен кеңес барысында дене шынықтыру және спорт саласындағы сарапшылар өз сұрақтарын қойып, ұсыныстарын айтты. Вице-премьер айтылған пікірлер назардан тыс қалмайтынын атап өтті. 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Алдағы 5 жылда Шымкентте 600 мың ағаш көшеттерін отырғызу жоспарланған. Биыл 200 мыңға жуық ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстары жүргізілуде.  Қала...