Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясындағы өз өкілеттігін Тоқаевқа тапсырды

Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясындағы өз өкілеттігін Тоқаевқа тапсырды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясы Төрағасы лауазымын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткізді, деп хабарлайды NO-COMMENT.KZ. 

Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібаев өзінің Twitter-парақшасында жазды.

Айта кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев президенттіктен кеткеннен кейін «Nur Otan» партиясының Төрағасы лауазымында қалған еді.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті «Nur Otan» партиясына 22 жыл жетекшілік етті.

Бүгін партияның Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында «Nur Otan» партиясының Төрағасы лауазымы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа берілді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі жастардың жаңа және қолданыстағы бастамаларын мемлекеттік қолдау мақсатында «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын...

Әңгімелесу барысында Қазақстан мен EDF арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективасы талқыланды. Компания төмен көміртекті...