Ауыл шаруашылығы вице-министрі тағайындалды

Ауыл шаруашылығы вице-министрі тағайындалды

ҚР Үкіметінің Қаулысымен Бағлан Әбдәшімұлы Бекбауов ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Бағлан Бекбауов 1983 жылы Түркістан қаласында туған.

Қ.А. Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін, М. Нәрікбаев атындағы ҚазМЗУ бітірген. Мамандығы бойынша біліктілігі  – есептеуіш техника мен желілерді бағдарламалық және аппараттық қамтамасыз ету, құқықтану.

Еңбек жолын 2006 жылы жекеменшік компанияда бағдарламашы лауазымынан бастаған.

  • 2008-2016 жж. – «ҰАТ» АҚ құрылымында түрлі лауазымдар атқарды.
  • 2016-2017 жж. – коммерциялық ұйымның техникалық директоры болды.
  • 2017-2020 жж. – ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті төрағасының орынбасары.
  • 2021 жылғы қаңтардан ақпанға дейін «ҰАТ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
  • 2021 жылдың шілде айынан бастап жекеменшік компанияның бас директоры болып жұмыс істеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Сапар аясында Берлинде ГФР Президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен және Федеральдық Канцлер Фридрих Мерцпен келіссөздер жоспарланған. Тараптар...

  25 сентября, в рамках Казахстанско-Китайского инвестиционного форума с участием Главы государства Касым-Жомарта Токаева, было подписано соглашение о реализации новых...

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия өңіріндегі әл-ауқат...