Қ.ТОҚАЕВТЫ ҚОЛДАУ ЖӨНІНДЕГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ШТАБ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНА БАРДЫ

Қ.ТОҚАЕВТЫ ҚОЛДАУ ЖӨНІНДЕГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ШТАБ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНА БАРДЫ

Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық штаб Жамбыл облысына барды.
Қоғамдық штаб мүшелері зиялы қауыммен, этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен, педагогтермен, студенттермен және облыстың көпбалалы аналарымен бірқатар кездесу өткізді. Этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен болған кездесуде республикалық қоғамдық штабтың басшысы Ерлан Қошанов бүгінде кез келген қоғамды дамытудың басты шарты келісім екенін атап өтті.

«Адамдар бір-бірін тыңдаудан, түсінуден қалатын болса, бұл күрделі мәселенің бастауына айналады. Мұның неге әкеліп соғатынын әртүрлі елдердегі жағдайлардан көріп отырмыз. Этникалық тегіне қарамастан, еліміздің әрбір азаматына Конституциямен тең мүмкіндікке кепілдік беріледі. Бұл – болашақта да бұлжымайтын қағида»,-деді Ерлан Қошанов.

Бүгінде Қазақстанда 130 этнос тұрады. Жамбыл облысында 75 этномәдени бірлестік жұмыс істейді.

Бұдан соң, штаб мүшелері өңірдегі жоғары оқу орындарының оқытушы-профессорлық құрамымен, студенттер қауымымен кандидаттың сайлауалды бағдарламасының білім және ғылым саласындағы басымдықтарын талқылады. Ардагерлермен және зиялы қауым өкілдерімен кездесуде сайлауалды бағдарламада көрініс тапқан мәдениет пен өнерді қолдау шараларына баса назар аударылды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Шымкент қаласы Көрме орталығында Наурыз мейрамына орайластырылып, ерекше балаларға арналған мерекелік іс-шара өтті. Шымкент қаласының әкімдігі мен...

Шымкент қаласы әкімінің тұрғындармен кездесу барысында түскен сұрақтарын зерделеу мақсатында аудан әкімі Б.Парманов Асар-2 шағынауданының...

Шымкент қаласының аудан әкімі орынбасары Құдайберген Мақұлбекұлы аудандық «ҚАРАТАУ» КММ басшысы орынбасарларымен бірге аудан аумағындағы демалыс...