Тоқаев жаңа елшіге қандай тапсырма берді?

Тоқаев жаңа елшіге қандай тапсырма берді?

Президент Қазақстанның АҚШ-тағы жаңадан тағайындалған елшісі Ержан Ашықбаевты қабылдады, - деп хабарлайды Akorda.kz.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтонмен арадағы кең ауқымды стратегиялық серіктестікті одан әрі дамытудың маңызды екеніне назар аударды.

Президент Америка Құрама Штаттары Қазақстан экономикасының ең ірі инвесторы екенін, энергетика, ауыл шаруашылығы және жаңа технология салаларындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың белсенді дамып келе жатқанын атап өтті. Екі ел арасында айтарлықтай құқықтық-шарттық база қалыптасқан. Мәдени-гуманитарлық және білім салалары бойынша табысты ықпалдастық орнаған.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ержан Ашықбаевқа Президент Джозеф Байден әкімшілігімен өзара тиімді ынтымақтастықты жолға қоюға  бағытталған бірқатар тапсырма берді.

 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Глава государства принял президента KIA Corporation Хо-сунг Сонга, передает NO-COMMENT.KZ со ссылкой на пресс-службу Акорды. Глава государства подчеркнул, что развитие...

Расходование средств, предназначенных для строительства гидросооружений, проверят в Агентстве по финансовому мониторингу, передает NO-COMMENT.KZ со ссылкой на...