Үкімет 89 функциясын министрліктерге береді

Үкімет 89 функциясын министрліктерге береді

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

«Заң жобасы шеңберінде 94 функция қайта бөлінеді. Оның ішінде Үкіметтен министрліктерге 89 функция, жергілікті атқарушы органдарға 5 функция беріледі. Сонымен қатар төрт мемлекеттік орган қосымша өкілеттіктер алады», - деді Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев.   

Заң жобасы бойынша қорытындыда мемлекеттік органдар арасында қандай функциялар қайта бөлінетіні айтылған.

Заң жобасын қабылдау мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыруда кезекті қадам болатынын және оның дербестігін одан әрі арттыруға ықпал етпек. 

Жобаны іске асыру мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржы шығындарын талап етпейді. 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Үкімет отырысында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев мемлекеттік қызметтерді дамыту және цифрландыру...

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында мемлекеттік қызмет көрсету саласын дамыту мен...