Азаматтық белсенді Ж.Мамайдың сот процесі кезіндегі жауабы қорғаушы Айжан Ташимованың күлкісін келтірді. Бұл туралы заңгер өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жазды.
«Пікірталас кезінде мен олардың жалған видеоларын егжей-тегжейлі саралап шыққаннан соң, жауапкерлер маған бірде бір сұрақ қоймады. Олар менің нақты жауапты талап етіп, төтесінен қойған сұрақтарыма жауап бермей, әр нәрсені айтып жалтарды», - деді ол.
Заңгер сауал қойғанда И.Иманбай қашқан, ал Ж.Мамай жауап беруден бас тартқан.
«Сонымен, «Сіз Көк Жайлауда ағаштардың кесілгенін және онда элиталық саяжайлар салынғанын өз көзіңізбен көрдіңіз бе, оның фотосуретін ұсына аласыз ба?» деген сұрағыма Ж.Мамай «менің көзім фотоаппарат емес» деп жауап берсе, заңгер Е.Қалиев бұлыңғыр сөздерді айтып, ал адвокат Г.Нұрпейісов қандай-да бір материалдардың бар екендігі туралы түсініксіз дүниелерді баяндап кетті. Әйтсе де ол іс жүзінде оны сотқа ұсынбады. Айтпақшы, бұл істің пайдасыздығы мен күлкілі екендігін ескеріп, көптеген сұрақтарды қойған да жоқпын (бұл аянышты көрініс болды!). Сұрақтар сол күйі жауапсыз қалып қойды», - дейді Ташимова.
Бұған қоса заңгер жауапкерлердің түрлі әрекеттеріне қарамастан, сот шешімі толықтай заңды әрі әділ болғанын атап өтті.