Головкин мен Әлімханұлы The Ring журналының қарашадағы рейтингіне кірді

Головкин мен Әлімханұлы The Ring журналының қарашадағы рейтингіне кірді

Қазақстандық кәсіпқой боксшылар Геннадий Головкин мен Жәнібек Әлімханұлы қарашадағы рейтингте көш бастап тұр, - деп хабарлайды NO-COMMENT.KZ тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

IBF және IBO нұсқалары бойынша чемпион Головкин орта салмақта бірінші орында тұр. Ал, Жәнібек Әлімханұлы - жетінші орында.

The Ring бойынша топ-10:

1. Геннадий Головкин (Қазақстан).
2. Джермалл Чарло (АҚШ).
3. Деметриус Андраде (АҚШ).
4. Сергей Деревянченко (Украина).
5. Хайме Мунгия (Мексика).
6. Риота Мурата (Жапония).
7. Жәнібек Әлімханұлы (Қазақстан).
8. Крис Юбенк - кіші (Ұлыбритания).
9. Лиам Уильямс (Ұлыбритания).
10. Феликс Кэш (Ұлыбритания).

Айта кетейік, Головкин де, Әлімханұлы бүгінде жекпе-жекке дайындалуда. 29 желтоқсанда Головкин WBA белбеуінің иегері Риота Муратамен, 21 қарашада Жәнібек Лас-Вегаста экс-чемпион Хассан Н'Жикаммен кездеседі.

 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ