Футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасын жеңіспен бастады

Футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасын жеңіспен бастады

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар лигасының алғашқы турында Литвамен сырт алаңда кездесті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Ұлттар лигасының С дивизионындағы алғашқы матч Вильнюс қаласында өтті. Ойынның үшінші минутында Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламханның пасын сәтті пайдаланған жартылай қорғаушы Бақтиер Зайнутдинов есепті ашты. Алайда мәскеулік "Цсканың" футболшысы алғашқы таймның 30-минутында жарақат алып қалды. Оның орнына алаңға қызылордалық "Қайсардың" шабуылшысы Максим Федин шықты. Матчтың бірінші жартысы қос құраманың алма-кезек шабуылымен аяқталды.

Екінші таймды да Қазақстан ширақ бастап, гол соғатын мүмкіндіктерге ие болды. Бірақ еліміздің футболшыларына сәттілік жетіскен жоқ. Сонымен қатар, алаң иелері де Стас Покатилов қорғаған қақпаға бірнеше рет қауіпті шабуыл жасады. Абырой болғанда, қысыл-таяң уақытта қақпашымыз сенімді ойнай білді. Қазақстан құрамасы матчтың 85-минутында есепті еселеді. Ойындағы екінші голды жартылай қорғаушы Исламбек Қуат соқты. "Қайрат" пен ресейлік "Оренбургтің" бұрынғы футболшысы Ян Вороговскийдің пасын сәтті пайдаланды. Гол соғатын мүмкіндікті жасаған қаптал қорғаушысы Бельгия чемпионатында өнер көрсететін айта кету керек.

Осылайша, тартысты өткен матч 2:0 есебімен аяқталды. Енді Қазақстан құрамасы тобындағы кезекті кездесуін Алматы қаласында 7 қыркүйек күні өткізбек.

https://kaz.nur.kz/1872750-futboldan-kazakstan-kramasy-lttar-ligasyn-zeispen-bastady-foto-video.html

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Сенат Парламентінің клуарында мемлекеттік қарыз көлемі туралы журналистердің сұрағына...