Ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин тағы бір лауазымға ие болды. Ол енді Қызылорда облысының қазақстандық спортшылар одағының филиалын басқарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы спортшы өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.
"Мен Қызылорда облысының @sportodagy қазақстандық спортшылар одағының филиалына басшы болдым. Филиал ресми түрде 2020 жылдың 1 қыркүйегінде тіркелді. Алда менің туған аймағымды спортты дамыту бойынша маңызды жоспарлар күтіп тұр. Мақсат қойдым, оларды міндетті түрде жүзеге асырамыз", - деп жазды ол.
Бұған дейін Илья Ильин спортта карьерасын аяқтап, Қызылордадағы "Мұз айдыны" мұз кешенінің директоры болып тағайындалған болатын.
https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/ilya-ilin-tagyi-br-kyizmetke-tagayyindaldyi-312795/