Қарағандылық футболшы испаниялық клубтың ең қымбат ойыншыларының тізіміне енді

Қарағандылық футболшы испаниялық клубтың ең қымбат ойыншыларының тізіміне енді

19 жастағы қарағандылық футболшы Дмитрий Бачек Испания чемпионатының үшінші дивизионында өнер көрсететін "Унион Депортиво Побленсе" испан клубының ең қымбат футболшыларының қатарына енді, - деп жазды Tengrinews.kz

Футболшының трансферлік құны 100 мың еуро, ол команданың ең құнды төрт ойыншысының қатарына кіреді.

Оның ауысқаны туралы хабарды командасы бір ай бұрын айтқан. Ал, ресми түрде жұмада, 6 қарашада ұсынылды. 

"Побленсе" 1935 жылы құрылған, команда Балеар аралдары автономиялық қоғамдастығының Ла Пуэбла қаласының атынан ойнайды. 

Дмитрий Бачек Қарағанды футбол мектебінің түлегі. 2019 жылы "Шахтердің" негізгі командасында дебют жасаған. Бразилияда "Оле Бразил" жобасы аясында "Крузейро" академиясында оқыған.

Былтыр жыл соңында Дмитрий Бачек Қарағанды футбол клубымен келісімшартты өз еркімен бұзып, Еуропа чемпионатында күшін сынап көрді. Ол хорватиялық "Хайдукта" өнер көрсетуі мүмкін екені де хабарланған, футболшыға немістің "Штутгарт" командасы да қызығушылық танытқан.

 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Үкімет Мемлекет басшысының биылғы наурыз айында Ұлттық құрылтайдың IV отырысында берген тапсырмасы аясында ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге...

Шымкент қаласына республикалық маңызы бар қала мәртебесінің берілуімен бірге, қаланың бас жоспары қайта жаңартылып, ауыл шаруашылығы мақсатындағы...