Байсуфинов – Қазақстан құрамасының бас бапкері

Байсуфинов – Қазақстан құрамасының бас бапкері

Футболдан Қазақстан құрамасын отандық танымал маман Талғат Байсуфинов басқаратын болды.

Талғат Маруанұлы бұған дейін де ұлттық құраманы басқарып, 2018 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне қатысқан болатын.

Сонымен қатар, білікті бапкер әр уақытта Петропавлдың «Есіл-Богатырь», Павлодардың «Ақсу», «Ертіс», Оралдың «Ақжайық» футбол клубтарында жұмыс істеді.

Келесі көктемде Қазақстан құрамасы 2022 жылғы Әлем чемпионатына іріктеуді бастайды. Топтық кезеңде Франция, Украина, Финляндия, сонымен қатар Босния және Герцеговина құрамалары қарсылас болмақ.

 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан құрамасы 2025 жылғы 10-17 мамыр аралығында Ресейдің Сочи қаласындағы «Сириус» білім беру орталығында өткен биология пәні бойынша Ашық...