Ауыр атлетикадан әлем чемпионаты: Аянат Жұмағали алтын, Сәния Орманбаева қола жүлде жеңіп алды

Ауыр атлетикадан әлем чемпионаты: Аянат Жұмағали алтын, Сәния Орманбаева қола жүлде жеңіп алды

Перу астанасы Лимада өтіп жатқан ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігінде Қазақстан қоржыны тағы екі медальмен толықты, деп хабарлайды no-comment.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Қыздар арасында 76 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Аянат Жұмағали әлем чемпионы атанды. Қоссайыс қорытындысы бойынша 222 келіні бағындырған Аянат қарсыластарынан оқ бойы озып кетті. 

Күміс медальді финляндиялық Мини Хормавирта (211 келі), қоланы үндістандық Санжана (210 келі) иеленді. 

Сондай-ақ, қыздар арасында 81 келіде бақ сынаған Сәния Орманбаева жалпы есебі 201 келіні игеріп, қола жүлдегер атанды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2025 жылғы 4 шілдеде Қытайда Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) елдерінің кинофестивалі аясында кинонарықтың салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды ...

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (ЦДИАӨМ) «AI-Sana: инерциядан серпінге» ұранымен ауқымды...