Шпагамен семсерлесуден командалық сындағы жеңімпаздар анықталды

Шпагамен семсерлесуден командалық сындағы жеңімпаздар анықталды

Астанада өтіп жатқан семсерлесуден Қазақстан чемпионатында шпагадан ерлер арасындағы командалық жарыс жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды no-comment.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.п. 

Ерлер арасындағы командалық жарыста Шымкент қаласының спортшылары жеңіске жетті. Екінші орынды Шығыс Қазақстан облысының бірінші командасы, үшінші  орынды ШҚО-2 мен Алматы қаласы иеленді. 

Әйелдер арасында Алматы-1 командасы топ жарды. Олар финалда ШҚО-1 командасынан басым түсті.

Қола медальді Алматы-3 және ШҚО-2 командалары еншілеген. 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2025 жылғы 15-20 қыркүйек аралығында еліміздің барлық мектептерінде «Мектеп пен отбасы: тәрбиелі әрі жауапты тұлғаны қалыптастырудағы ынтымақтастық» тақырыбында жалпы ата-аналар...