Олимпиадаға іріктеу: Мұхамедсабыр Базарбайұлы екінші кезеңнен сүрінбей өтті

Олимпиадаға іріктеу: Мұхамедсабыр Базарбайұлы екінші кезеңнен сүрінбей өтті

Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан бокстан Олимпиадаға іріктеу турнирінде қазақстандық Мұхамедсабыр Базарбайұлы жеңіліссіз келеді, деп хабарлайды no-comment.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

63,5 келі салмақта сынға түсіп жатқан ол бүгін түркиялық Мизан Айкөлді жеңді. Бұған дейін Базарбайұлы филиппиндік қарсыласы Кристиан Питт Лауреттені ұтқан болатын. 

Айта кетелік, бокстан Қазақстан командасы жеті салмақтың алтауында жолдама алып үлгерді. Енді бір салмақтағы квота мәселесі Таиландтағы соңғы іріктеу турнирінде шешілмек. 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ