Зарина жарысты жеңіспен бастады

Зарина жарысты жеңіспен бастады

Австралияның Мельбурн қаласында теннистен мәртебелі турнирлердің алғашқысы - Australian Open басталды. Турнирге қатысып жатқан қазақстандықтар арасынан алғашқы болып жекелей сында Зарина Дияс бірінші айналымнан өтті.

Қазақстандық теннисші алғашқы матчта словениялық Тамара Зиданшекті екі сет қорытындысы бойынша жеңді (6:1, 7:5). Кездесу 1 сағат 22 минутқа созылды. Зарина Дияс - WTA рейтингінде 81-ші, Зиданшек 132-ші орында тұр.

Өкінішке қарай, бала күтіміне байланысты үзілістен соң теннис кортына қайта оралған Ярослава Шведова жекелей сында жарысты ерте аяқтады. Ол алғашқы айналымда италиялық Камила Джорджиден ұтылып қалды (3:6 3:6).

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ